Жарнама
ҚоғамФОТОГАЛЕРЕЯ

«Антикор орталығы» азаматтарды қабылдады (+ФОТО)

   «Антикор орталығы» азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін тағы да өз есігін айқара ашты.

   Аталған орталық өз қызметін пандемиядан бұрын жүзден астам азаматтарды қабылдап, оларға кәсіби кеңес беру арқылы бастады. Айта кету керек, орталық шартарапта болған ахуал кезінде азаматтарды онлайн режимде қабылдауды жалғастырды.

   Мекеме азаматтарды қабылдау алаңы ғана емес, сонымен қатар мақсатты топтар үшін әртүрлі түсіндіру және білім беру іс-шараларын, тренингтерді, семинарларды және мемлекеттік қызметшілермен кездесулерді өткізеді.

img 20220412 wa0105
  • — ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес фронт-офистердің қызмет регламенті бекітілді, сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикор орталығының қызметін қайта жандандырып, ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл іс-шара азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін ашықтықты қамтамасыз етуге және қолайлы жағдай жасауға бағытталған, — деп атап өтті Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Досанов.

   Іс-шара шеңберінде департамент басшылығының, білікті заңгерлердің, нотариустардың және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.   

Сондай-ақ, Антикор орталығы сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетуге дайын. Орталықтағы жұмысты тұрақты негізде функцияларына консультативтік көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу кіретін процестік офицер жүргізетін болады. Іс-шара соңында департамент басшысы Ерлан Азаматұлы барлық жанашыр жандарды шетте қалмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырды.

Нұрсұлтан НҰРСЕЙТ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220412 wa0101

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button