Жарнама
Қоғам

Аңшылық немесе қасқырдың айласы

Бұрынғының қазақтары жөн сұрасқанда әуелі мал жан аманба деп жатады. Бұл сөздің құны қазір қалай сақталып келе жатқанын қайдам, әйтеуір ауылдық жерлерде үрдіске айналған. Бұлай сұраудың басты себебі қазақтың жаны малға байланғаннан кейін, әуелі малдың амандығын сон-соң жанның амандығын сұрауға тоқталған.

         — Жә бүгінгі әңгімем төрт-түлік туралы емес. Оларды керек қылатын, асқазандарына қорек қылатын түз тағысы туралы болмақ. Бүгін, талай аңды қырып алатын, қолынан келсе ұрып алатын, одан қала берді жон терісін тірілей сылып алатын небір мерген, құралайды көзге атқан аңшылардың ауыздан ауызға әпсана, аңыз боп таралып жүрген қасқырдың, түлкіденде қу айлакерлігі жәйінда баян етпекпін.

Бірде атам әңгіме үстінде аңшылардан естігенін маған айтып берген. Тақырып қасқырлар туралы. Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки деген тәмсіл бар емеспе?! Сол тәмсілдің негізінде бұрыңғы қазақ аңшыларымен қазіргі қазақ аңшыларының арасы жер мен көктей. Бұл туралы кейін тоқталармын.

Аңшылардың айтуынша қасқырлардың мықты тұсы заманға, күніге шығып жатырған техникаға байланысты іштей дайындалуы. Яғни қасқырдың жылдамдығын еңсеретін кәнігі қымбат, көлемі түйедей көліктердің боранда да, дауылда да міз бақпайтын қым-қуыт әрекеттеріне қарамастан түз тағысының қалай олардан айласын асыратынын қайтерсіз. Оған мысал жетіп-ақ жатыр. Айдалада өңшең тегістікте қасқырды мұрынының ұшына дейін қуып келіп көз жазып қалуы бір тылсым күштей. Сайып келгенде олай емес. Қасқыр қашанда өзін қуалап келе жатқан көлік құралынан құтылу үшін, көлік жүре алмайтын тар сайлардың ішімен қашып бой тасалап кететіні анық. Мұны көзіммен көрмедім бірақ аңшысымақтардың әңгімесі.

Тағыда бір әңгімесінде бүй деді. Кейбір қалтасы қалыңдар таныстық үшін немесе түйіткілді мәселенің шешілуі үшін бой сергітіп аңға тікұшақпен шығады мыс. Не деген ессіздік дерсің. Бірақ ондайларда бар екен. Жә, жөні былай.

Жаңа айтқанымдай техникаға бейімделгіш түз тағылары бұл тікұшаққада оңайлықпен алынатын емес. Себебі тікұшақ арқылы тас төбесінен қуалап келе жатқанында қасқыр байғұс, елді мекендерге ток көзін жүргізіп тұрған бағаналардың астымен айнала қашады екен. Өйткені оған тікұшақтың жақындауға болмайтынын жақсы білетін болса керек.

Міне бір екі мысал арқылы қасқырдың айлакерлігін қысқаша баяндағаным. Әйтпесе жаза түскен сайын бұл әңгімеде арманым секілді аяқсыз жазылумен қалар жүдә. Сондықтан қысқаша тоқталғаным.

Негізі бұл әңгімелердің біразын марқұм атамнан естігем. Бірақ өзегі өкінішке толғандай «қасқырғада жан керек ғой» деп өрбітеді.

Себебі қазақ бұрын аңға шықса Құдайдың несібесі деп бір екі қоян немесе елік секілді аңдарды аулай келген. Онда да аңшылық маусымында. Содан түз тағылары ауыл маңына, қора қопсыққа, мал жанға жақындамайтын болған. Сондықтан кейбір ат мініп, тазы жүгіртіп, қыран салмаған аңшысымақтардың қолынан азайған аңдардың себебінен дала тағысы аш қалмаудың қамымен қозылы қойлы қораға, отарға, одан қала берді ірі қараға бас сала бастаған. Қазақта айтады қасқыр немен ауызданса сонымен кетеді деп. Малмен ауызданса малмен дегендей ғой жаңағы айтпағым.

Бұрын қазақ ер қанаты атын сайлап, қыранын баптап, жебедей ұшқыр тазыларын ерте аңға шыққан. Мақсаты аң аулау емес саятшылық. Яғни осы уақытқа дейін баптаған қазыналарының мықтылығын көру. Бұда бір азард. Желдей жүйрік тазысы аң екеш аңға жете алмай қапияда қап кетсе санын соғып өкінішпен ал аңды ауыздаса зор қуанышпен қайтқан. Себебі талай еңбектің жемісін көру бақыты бұйырады деген.

Ал қазіргілерше, дүрбісі 5-10 километр жердегі аңды сұлатып түсетін ауызынан от ьшашқан мылтықтарымен, қуған аңына әп сәтте жетіп алатын көлемді көліктерімен аңға шығады. Бұл үлкен қателік деп ойлаймын. Себебі жабайы аңдарға ешқандай қашуына мүмкіндік жоқ. Бұл жәйтта әуелі аңға мүмкіндік беріп үркіту арқылы сосын барып мықтылығыңды дәлелдеу керек деп ойлаймын. Ұзын құлақтың айтуы бойынша Америкада мұндай заң бар екен. Әлсіз, ауру аңды құрықтауға болмайды ал дене мүшесі түгелдей сау жыртқыш аңның өзін әуелі үркітіп жіберу арқылы аулау керек. О жақтың заңының аңдарды қорғау туралы қандай екенін осыдан ақ көруге болады.

Бұған мен қос қолдап келісемін. Себебі Америкадан бұрын атам қазақ әуелі аңшылықты аңның еркіне берген.

Нұржол Жақсылық,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Журналистика кафедрасының 4 курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button