Қоғам

«АНА» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАСЫ – КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ

«Ана» монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте күңгірт бетінде мейірімін сыйлаған стильдендірілген күннің алтындатылған бейнесінің аясында ана мен баланың бейнесі, мемлекеттік тілде «АНА», орыс тілінде «МАМА» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», орыс тілінде «ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ» және ағылшын тілінде «FROM HEART TO HEART» деп жазылған. Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерлі.

Конкурсқа әлемнің 29 елінің өкілі қатысып, өтінім 46 қатысушыдан түскен. Олардың ішінде орталық банктер, монета сарайлары, монеталардың дистрибьютор компаниялары және басқалары бар. Барлығы 2014 жыл бойы шығарылған 240-тан астам ескерткіш монета және 23 монета сериясы ұсынылды. Конкурстың қазылар алқасына әлемнің әйгілі мұражайларының және аукцион үйлерінің сарапшылары, түрлі елдердегі монеталардың дистрибьютор компанияларының, нумизматикалық қауымдастықтардың және монеталар туралы арнайы басылымдардың өкілдері енген.

Б.КЕНЖЕБЕКОВА, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімінің жетекші маман-экономисі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button