b7e1d878ca30158f6d715438e41ca4f8

Арыста қанша үйдің жөндеуден өтетіні белгілі болды

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/30 маусым, 2019 жыл.  Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны – 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған.

Қазіргі таңда күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады. Үй иелері уақытша орынға жайғасты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арыс қаласында 7700-ден аса үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен және барлығы жөндеуден өтеді.  Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170  арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді. Сондай-ақ, Арыстағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға алғашқы  күннен бастап 180 ерікті практик-психолог пен педагог-психолог көмек көрсетуде.

photo 57507
d5b1e87ea382e93635aa26331efc8834
32857460aca3e0e10a93d6c8eb7033f7

Себебі мұндай ауыр соққы алған сәбидің күні ертең қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін. 24 мыңнан аса адам эвакуацияланған орталықтарда сәбилердің жан-дүниесіндегі соққыны емдеген гештальт-терапевт психологтар қазір Арыс қаласында да емдік шараларын жүргізуде. Қазіргі таңда тұрғындардың бастан кешкен эмоцияларын зерттеу,  болған оқиғаны түсіндіру – психологтардың негізгі терапиясы болып отыр.  Сондай-ақ еріктілер халық арасында бактериологиялық қару-жарақ, радиация және апаттан көптеген адам қайтыс болды деген ақпараттың жалған екенін түсіндіріп жүр. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған