Жарнама
Қоғам

«Алтын сапаға» кім лайық?

 Елімізде ең үздік тауарды анықтау мақсатында өткізілетін «Алтын сапа» байқауы игі дәстүрге айналды. Оған қатысушылар қатары да жылдан-жылға артып келеді. Алайда, конкурстың бастапқы мақсаты мен негізгі идеясын кәсіпкерлердің көбі білмейтіндігі байқалады.

Осыған алаңдаған республикалық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Салтанат Әбдікәрімова атыраулықтарға байқаудың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Айтуынша, үміткерлердің бірқатары байқау комиссиясына құр сан мен есепке толы жұмыс қорытындысын ғана жібереді екен.

— Жалпы, конкурс не үшін ұйымдастырылады? Әрине, отандық тауар мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін. Қазір алдымызда қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр. Шағын және орта бизнес нысандарының қаржылық мәселелерін шешудің де оңтайлы жолдарын қарастыру қажет. Сондықтан үміткерлер байқауға қатыспас бұрын оның өткізілу тәртібі мен талап-шарттарын мұқият қарап шыққаны жөн, — дейді ол.

Ал, қанатын кеңге жайып, кәсібін өркендетіп отырған бүгінгі кәсіпкер кеше қандай күй кешті? Ол өз ісін қалай бастады? Адал кәсібіне кімдер қолдау білдірді?

Міне, осы жағы айтылмайды, қағаз бетіне түспейді. Қазір Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өткелі отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуында бизнесмендердің де үлесі зор. Астаналық маман соны ескеру керектігін айтады.

А.Абдол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button