«Алғыс айту — парызым»
Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» 2016 жылдан бері мереке ретінде аталып келеді. Осы орайда Ғ.Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Алғыс айту – парызым» атты әдеби- сазды кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Шарада Атырау қаласындағы «Татулық» татар-башқұрт этномәдени
бірлестігінің мүшелері және «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің
басшысы Кулметов Адхам Ергешбаевич сөз алып, бүгінгі мереке күні
қазақ халқына деген жылы лебіздерін айтып, жүрек жарды алғыстарын
білдірді.
Ұлт өкілдері де шара барысында өз өнерлерін де ортаға салды.
1 наурыз Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп,
қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен
еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Кітапхана басшысы Сара Салахединқызы тәуелсіздігіміз тұғырлы,
достығымыз берік болсын деген тілек білдіріп, аталмыш бірлестіктерге ұжым
атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтарын тарту етті.