Жарнама
Қоғам

Әлеуметтік нысандар — халық игілігіне

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында әлеуметтік сала нысандарының құрылысына ерекше тоқталып өтті. Өңірде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жалғасуда. Әлеуметтік саладағы іс-шаралар шеңберінде облыста медициналық-әлеуметтік мекемелерді салу және реконструкциялау көзделген. Бұл жобалар жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.


Аймақтағы ең үлкен аудан болып саналатын Құрманғазы ауданында соңғы уақытта түрлі әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алып, жаңа нысандар бой көтеруде. Бұл ретте, былтыр басталған ілкімді істер мен жарқын жобалар биыл да өз жалғасын табуда.
Атап айтсақ, бүгінде шекара аймағында орын тепкен ауылдарымыздың бірі Бөкейхан ауылдық округінде жаңа мәдени нысан бой көтеріп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Болашақ өнер ордасында 300 орындық көрермендер залы, үйірме бөлмелері, 20 жаттығушыға арналған хореография залы, кітап сақтау бөлмесі мен оқырмандар залы, гримдеу бөлмесі, 36 орындық асхана қарастырылған. Жоспарға сәйкес, пайдалануға 2025 жылдың аяғында беріледі. Қазір Бөкейхан ауылында 1810 тұрғын бар.
Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік ауылында да жаңа мәдениет үйі бой көтеруде. Қазіргі кезеңде құрылыс басында ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. Мұнда көрермен залынан басқа, хореография залы, гримдеу-киіну бөлмесі, үйірме кабинеттері, асхана болады деп жоспарлануда. Тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі болса, мердігер мекеме «Бағалы-Алакөл» ЖШС. Айта кетейік, Бірлік ауылында 2 200 тұрғын бар.
Сондай-ақ, ауданда әлеуметтік көмек орталығы жаңғыртылуда. Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы жартылай стационарлық жағдайдағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарияларға 8 бағыт бойынша әлеуметтік көмек көрсетеді. Олар әлеуметтік-тұрмыстық, педагогикалық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық, еңбек бойынша зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек. Орталықтың көмегіне жүгінетін жандарға қолайлы қызмет көрсету мақсатында ғимарат қайта жаңғыртудан өтіп, табысталғалы отыр. Аталған нысанда күні бүгін құрылыс жұмыстары аяқтала келді. Қазір пайдалануға қабылдау шаралары жүргізілуде.
Қалай болғанда да, ауданда құрылыс қарқын алғаны анық байқалады. Демек, күтілетін нәтиже де орасан зор болмақ.

Қайыржан СИДЕҒАЛИЕВ,
Құрманғазы ауылдық округі әкімінің кеңесшісі,
белсенді жас

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button