Жарнама
Қоғам

Әлеуметтік нысандар фототілші көзімен (ФОТО)

Бүгінде «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылай қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар бірнеше әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Солардың қатарында Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында ашылған мүгедектік арбасын қолданушыларға арналған оңалту лагерін айтуға болады. Жаңа орталық алаңның аумағынан бой көтерген ғимаратта орналасқан лагерьде түрлі жарақаттың салдарынан мүгедек арбасына таңылған жандар белсенді өмір сүруге бейімделеді.

Лагерьдің басты артықшылығы – мұнда білім беру саласында және айрықша  қажеттіліктері бар адамдарды оңалту кезінде ұстанатын бүкіл әлемге танымал «теңбе-тең» тәсілі қолданылады. Бір ерекшілігі, бұл жердегі жаттықтырушылар да осы жобаның игілігін көрген адамдар. Олар да мүгедек арбасын пайдаланады. Екі жыл бойына Беларусь елінен келген тәжірибелі нұсқаушы-реабилитологтардан тәлім алып, қазірде сол өздерінің үйреніп, меңгерген әдістерімен, жиған тәжірибелерімен бөлісуде.

Бұдан бөлек, аудандық орталық аурухана базасында республикамыздың  отбасылық дәрігерлер қауымдастығының оқытушылары осындағы дәрігерлер мен медбикелерге, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге дәріс беріп, біліктіліктерін арттыруға арналған курстар өткізуде.

Ауданның Жаңа Қаратон ауылындағы №22 және №23 жалпы білім беретін мектептерінде арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған толық жабдықталған кабинеттер де ашылды. Бұл жұмыстарды әлеуметтік инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырған «Ой-Сана» психологтар қоғамдық бірлестігі. Мақсаты – педагогикалық қауымдастықтың кәсіби құзыретін арттыру арқылы аймақтағы инклюзивті білім беруді дамыта отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы орта қалыптастыру.

Әлеуметтік бағдарламалар аясында жүзеге асқан игілікті істердің бір парасы облыстық «Атырау» газетінің фототілшісі Ерлан АЛТЫБАЕВТЫҢ түсірген суреттерінде көрініс тауып отыр.

34774315 52ec 4dd5 8068 c358fd05cda4
6c3ef2fa ccfc 44a0 a568 4a57b525dc04
60b5f8e5 cbe3 4c14 9992 9ac6f0bda9f8
7bc0e48c 17d2 4bf7 a7f0 4839dda2a86b
2dbdaa38 9156 4e68 86f5 10400b6e0a0e

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button