Жарнама
Қоғам

Әлеуметтік көмек – мұқтаждарға қолдау көрсетудің нақты құралы

Әлеуметтік мемлекет болу – Қазақстанның басты құндылықтарының бірі. Алайда бұл көмек азаматтардың еңбекке деген ынтасын төмендетіп, масылдық көзқарасты қалыптастырмауы тиіс. Әлеуметтік қолдаудың басты мақсаты – шынайы мұқтаж жандарға нақты көмек беру, ал еңбекке жарамды азаматтарға өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап айтып, көптің көкейіндегі мәселені көтерді.

Сонымен қатар мемлекет басшысының еңбек мигранттары туралы айтқанын орынды деп санаймын. Қазір шетелден келген жүз мыңдаған мигрант өз отбасын асырау үшін қарапайым жұмысқа дайын, әрі еңбекқорлығы арқылы өз елінде құрметке ие болуда. Бұл жағдай қоғамымызға үлкен үлгі болуы керек.

Бұдан басқа тұрғын үй мәселесіне қатысты реформаларды бастау уақыт талабы екенін атап өткім келеді. Тұрғын үй құрылысындағы сандық көрсеткіштер маңызды болғанымен, басты назар сапа мен қолжетімділікке бағытталуы қажет. Тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуі әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Президенттің құрылыс саласын цифрландыру және тұрғын үй сапасына ерекше көңіл бөлу туралы тапсырмасы осы саладағы жүйесіздікті азайтуға мүмкіндік береді. Цифрлық жүйені енгізу арқылы құрылыс сапасын бақылап, әкімшілік кедергілерді азайтып, ашықтықты қамтамасыз етуге әбден болады.

Әлеуметтік көмек пен тұрғын үй мәселелерін шешу тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты үшін маңызды қадам. Азаматтарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіби білім алуға және жаңа жұмыс орындарына қол жеткізуге жағдай туғызу – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына үлес қосатын факторлар.

Бұл бастамалар, ең алдымен, халықтың мемлекетке деген сенімді арттырып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға көмектеседі деп сенемін. Әлеуметтік көмек тек материалдық қолдау көрсетумен шектелмей, азаматтардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, өмір сапасын жақсартуға және олардың әлеуетін ашуға бағытталуы тиіс.

Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА,

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button