Жарнама
Қоғам

ӘЛЕУМЕТ ӘЛЕУЕТІ – ӘРІПТЕСТІКТЕ

Онда алдымен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Клара Мұқашкереева  хабарлама жасады. Оның мәлімдеуінше, осыған дейінгі (2012-2014 жылдар аралығын қамтыған) үшжақты келісімнің әрекет ету мерзімі аяқталған. Тек өткен жылдың өзінде аталған комиссияның бес мәрте мәжілісі өткізіліп, оларда жалпы саны 20-ға тарта жұмыс беруші тараптың басшылары тыңдалып, тиісінше қолданыстағы заңдылықтар мен белгіленген ереже-талаптар негізінде шешімдер алынып, шаралар қолданылған.

Жаңа келісімге қол қою рәсіміне  облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, «Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Диас Сұлтанов, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері атынан Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер Одағының төрайымы Әлия Бекқожиева және Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының  директоры Асылбек Жәкиев қатысты.

Сонымен қатар, мәжіліске қатысушылар әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс Жоспары мен Ережені талқылап, бекітті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button