ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА
Ел додасында өнер көрсеткен 13 атыраулық спортшының 10-ы жүлдемен оралды. Қоржынға үш алтын, бес күміс және екі қола медаль түсті.
Ақтық айқаста Дидар Жеңіс (45 келі), Еламан Саясатов (48 келі) және Айнель Қадырова (48 келі) қарсыластың осал тұсын оңай тауып, ел чемпионы атанды. Ал, Парасат Құттыбеков (45 келі), Абылай Құралбаев (48 келі), Диана Қадырова (51 келі), Қуаныш Өтебаев (51 келі), Айдын Дайқошиев (67 келі) күміс жүлдені еншіледі. 51 және 54 келі салмақтарда Айбек Ақылбеков пен Бақытжан Нукеев үздік үштік қатарынан көріне білді.
«ЕЛЮХАН» кәсіпқой клубының арнайы сыйлықтарына ие болған жерлестеріміз де бар.
Муайтайдан облыс бойынша аға жаттықтырушы Нұрберен Әміржановтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында Тайланд елінің Бангкок қаласында аталған спорт түрінен студенттер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасында Атыраудан Ишан Ғалиев, Дидар Болатов, Әлішер Мұхтаров өнер көрсететін болды.