Жарнама
Қоғам

Алдын ала қамданған қапы қалмайды

Көктемгі су тасқынының алдын алу, қамданысты күшейту жұмыстары Махамбет ауданында да қарқын алды.

Бұл жөнінде аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді.

-Өңірдегі барлық дамбыларды аралап шықтым. Бұрынғыларың кейбірі алынған, аралары бұзылған жерлерді аудандағы техникалардың көмегімен бекіту жұмыстары атқарылуда. Техниканың жетіспеушілігі болғандықтан облыс әкімі Серік Шәпкеновтен көмек сұрадық. Облыс басшысының қолдауымен қазір біздің өңірге қосымша техникалар бөлініп жатыр. Бүгін аудандағы бірқатар бөгет бекітілді. Бұл жұмыс ертең де жалғасады. Сонымен қатар жағаны бекітуге қаптар алынып, округтерге бөлініп, ауылдың ерікті жастары жұмыла жұмыс істеуде. Бірі қаптарға топырақ салып, енді бірі жағаны бекітіп жатыр, — дейді аудан басшысы.

Сондай-ақ ол өз сөзінде тұрғындарды дүрбелеңге салынбай, қандай жағдайда да сабырлық танытуға шақырды. Бейресми ақпараттарға сенбей, мәліметтерді ресми дерек көздерінен алу қажеттігін де атап айтты. Сонымен қатар барлық ерікті азаматты осы іске білек сыбана кірісуге шақырды.

Ұлбосын МАРСОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button