«ЖЫР МАРЖАНЫ» – ТОЛЫҚҚАНДЫ АНТОЛОГИЯ

Газетіміздебұданбұрын Жаңаантологияжарықкөрді», №15, 10 ақпан, 2015 ж.)хабарланғанындай, Алматыдағы «Өлке» баспасы «Жырмаржаны» аттыонтомдыққазақпоэзиясыантологиясынжарыққашығарғанболатын. Оны қазақтың белгілі қаламгерлері Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева құрастырып, алғысөзін ақын Темірхан Медетбек жазған. Жуырда ҚР Ұлттық кітапханасының Алматы қаласындағы көрмелер залында кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, оған әдебиет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Біз бүгін сол Ұлттық кітапхананың бас директоры, белгілі жазушы Әлібек Асқаровтың сол жиында сөйлеген сөзін жариялап отырмыз.

«Бұл ән бұрынғыдан өзгерек,

Бұған нақышты әсем сөз керек» деп Шәкәрім жырлағандай, Ұлттық кітапханадағы біздің бүгінгі басқосуымыздың мәні өзгеше, мағынасы да айрықша болайын деп тұр.

«Жыр маржаны» деген атпен қазақ поэзиясының он томдық антологиясы шықты. Бұл – Ұлт руханиятындағы зор жаңалық деп білеміз.  Қазақтың мәдени өміріндегі айтулы құбылыс демекпіз. Бұл он томдық – поэзияның үлкен мерекесі, зор қуанышы. Сондықтан да, сіздерді әдебиеттің осынау қуанышына ортақтассын деп бірге той тойлауға шақырып отырмыз. Антологияның көркемделуі де көз жауын алған әсем, алтынмен аптап, күміспен күптелген. Қағазы да ерекше, көз қарықтырмайды. Ал, ақын-жыраулардың суреттері түгелдей қарындашпен салынған. Алтай Айтжанов деген талантты суретшінің қолынан шығыпты.

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мінезге бай, түсінігі мол, ақынжанды азамат қой. Он томдықтың эпиграфы етіп Темірхан Медетбек ағамыз сол Бақтықожаның бір өлеңінен үзінді алыпты:

Жылдар өтер, ғасырлар, заман өтер,

Тарихтың қойнауына судай батып.

Тұңғиықтан жарысып жырлар жетер,

Бәйгеден ақын қосқан атойлатып, – дейді.

Бақтықожа замандасымыз антологияның ойдағыдай шығуына атсалысып, демеушілік көрсетіп, әдебиетіміз үшін азаматтық жасапты. Азаматтық қана емес, біз мұны үлкен ерлік деп бағалап отырмыз. Бұл идеяны әу баста қозғаған, сөйтіп сәтті жүзеге асырған қаламгер досымыз Мереке Құлкенов екен.

Әрине, бұрын да поэзия антологиялары шыққанын білесіздер. Бірақ, олар бір томдық, әрі кетсе екі томнан аспаушы еді. Ол томдарда репрессияға түскен ақындарымыз атаусыз қалатын, сондықтан да олар толыққанды емес еді. Соңғы антология Сауытбек Абдрахманов жасаған қос томдық антология болды. Алайда, «Сауытбек антологиясына» ең талантты, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар ғана іріктелгенін білесіздер.

Ал, қазақ – туабітті ақынжанды халық. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай бабамыз айтқандай, «Бақтықожа мен Мереке» антологиясы, осыдан былай солай атауды ұсынамын, сонау жетінші ғасырдағы Күлтегін мен Тоныкөктен бастап, кеше туған талантты ақын балалар – Саяхат Оразбек, Салтанат Қайырбек, Нұржан Нұрбек сияқты оқушыларға дейін, былайша айтқанда, арғы-бергі замандарда өткен ақындар мен жыраулардың баршасын қамтыпты. Яғни, толыққанды антология алғаш рет шығып отыр.

Парақтап көз жүгірткен адамға бұл – үлкен жұмыс, зор шаруа, бір институт жасайтын ауқымды еңбек. Айтары жоқ, құрастырушылар мен «Өлке» баспасының қызметкерлері ауыз толтырып айтуға да, мақтануға да тұрарлық іс тындырған.

Әлібек АСҚАРОВ,

жазушы,

ҚР Ұлттықкітапханасыныңбас директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз