Жарнама
Қоғам

«АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА»

Бұны қала басшылығы да құптап, мақұлдады. Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен хабарланғанындай, орталық көшелердің бойындағы автобус аялдамаларына (барлығы 20) электронды таблоларды орнатуға жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген. Өз кезегінде, бұл таблолардың әрқайсысы автобустарға қойылған GPS жүйесімен өзара байланыста болады, барлығы 250 маршрутты қамтиды. Яғни, қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысы нақты уақыт өлшемімен бақыланып, қадағаланып отырылады. Бейнелеп айтқанда, жаңа жүйе іске қосылған мезетте мұндай «ақылды аялдамалар» маршруттардың жүру кестесінің қатаң сақталуына септігін тигізеді.

Мамандардың мәлімдеуінше, қоғамдық көліктерді диспетчерлендіру жүйесінің тиімділігі жоғары болады деп күтілуде. Қазірдің өзінде электронды таблолар белгіленген автобус аялдамаларына орнатылып, желіге қосылып та қойылған. Дегенмен, бағдарламалау жөніндегі жұмыстар толықтай аяқталмаған. Енді GPS пен электронды табло арасындағы өзара байланыс жүйесін ретке келтіру ғана қалған. Бұл шаруаны түпкілікті бітіріп, жаңа жүйені іске қосу осы қаңтар айының соңына жоспарланған.

Салалық бөлім басшыларының айтқандарынан аңғарғанымыз, бірінші кезекте, диспетчерлендіру жүйесіне 150 маршрутты қосу көзделсе, біртіндеп бұл көрсеткіш көбейтілмек. Және бір білгеніміз, 2014-2015 жылдары жолаушы тасымалын жүзеге асыратын негізгі мердігер мекеме «АйсТрансХолдинг» ЖШС өз қаражатына 70 бірлік техниканы сатып алған. Соның есебінен автобус паркін жаңа көліктермен толықтыру, электронды билеттендіру жүйесіне көшіру ойластырылған. Бұл бастама іске асқанда жолаушылар жолақысын электронды картаның көмегімен төлейтін болады.

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген:

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button