Атыраулықтар түрлі кәсіптерді игеруде

7f967dd8 9730 4595 96b9 0648194d3a45 Қоғам

2017 жылдан 2022 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 21-ден астам жоба іске асырылды, қазіргі уақытта өз жұмысын жалғастыруда. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бірыңғай қайырымдылық операторының жұмысы арқасында мүмкін болып отыр.

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры «Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары орналасқан өңірлерді дамытуға ерекше назар аудармақ. Жобалар арқылы аймақ тұрғындары үшін маңызды мәселелер шешімін тауып, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларына қолдау танытылады.

2bdf6afe 8faa 4a5c 82d7 316804c87d95

Мәселен, осындай қаржылай демеудің нәтижесінде Атыраудағы «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына 2022 жылы күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалту жабдықтарымен және жиһазбен жабдықталды. Бұдан тыс, ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.

Облыс орталығындағы балаларға арналған кешенді оңалту, диагностика және кеңес беру қызметтерін көрсететін «Қамқорлық» оңалту орталығына болса, жылына 600 баланы тегін қабылдайды.

Қор әрдайым әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға ерекше назар аударып келеді. Атырау облысындағы «Әрекет» жобасы аясында бірқатар кәсіптерді игерген жалғызбасты, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 100 ананың елеулі бөлігі қазірдің өзінде еңбекпен қамтылып, табыс табуда. «Тігін», «Аспаздық шеберлік», «Кондитерлік іс»,  «Шаштараз» және «Тазалау қызметтері» бойынша түлектерге шағын бизнестерін ашуға көмек көрсетіліп, тауар түріндегі гранттар берілді.

«Samruk-Kazyna Trust», Атырау іскер әйелдер қауымдастығы сынды барша қолдаушы тарапқа шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді. 180 градусқа өзгердім десем, өтірік болмайды. Себебі, 14 жыл бойы бала күтімімен үйде отырдым. Жобаға келгенде өзімді басқа қырымнан тани бастадым. Ұйымдастырушылардың мені таңдағанына қатты қуандым», – деп алған әсерін жасырмайды «Шаштараз» оқу курсын аяқтаған 5 баланың анасы Ақтоба Алдашева.

c426e46a 62c3 4dd8 ac05 d5bdc062e621

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қазақстан Параволейбол федерациясының бірлескен жобасы аясында Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының мүгедектігі бар адамдарға арналған клубтары мен мектептеріне отырып ойнайтын волейболға қажет еден жабындары, тіректер мен торлар жиынтығы, сондай-ақ волейбол доптары тегін табысталды. Сонымен қатар, ҚР параволейбол командасы үшін жарақат алған кезде қалпына келтіру процестерін жүзеге асыру үшін қажетті криотерапия жүйесі сатып алынды.

Биыл Астана қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетуге дайындалуда. Егер ол жерде параволейболшылар жолдама ұтса, 2024 жылы Парижде өтетін Параолимпиада ойындарына жол ашылмақ.

Осылайша бұл атқарылған жұмыстың бір парасы ғана болып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз