Қоғам
АҚТАУДА ФИЛИАЛ АШЫЛДЫ
Маңғыстау облысында жергілікті атқарушы биліктің жұмыс берушілермен, кәсіподақтармен және кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмысының нәтижесінде ынтымақтастық туралы 620 меморандум жасалды.
Ресми деректерге сүйенсек, аймақтың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Облыстағы жұмыспен қамту деңгейі 94,8 пайызға жеткен. Биылғы жылдың өзінде Маңғыстау облысында 13 570 жұмыс орны ашылыпты.
2015-2016 жылдары 21 жоба іске қосылады, соның ішінде инвестициялар көлемі 101 млрд. теңге болатын 16 жоба осы жылы пайдалануға беріледі. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 195,9 млрд. теңгені құрады. 273,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарына 55,9 млрд. теңге қаржы жұмсалды.
Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.