Жарнама
Қоғам

АҚСАЙЛЫҚТАРДЫҢ ДА АЙТАРЫ БАР

 

Жасалған жұмыстармен бірге ауылда шешімін таппай тұрған мәселелер де жетерлік. Атап айтқанда, ауылішілік асфальт төсеу, көшелерді жарықтандыру, ауылға мәдениет үйін салу, ескірген мектептерге, дәрігерлік амбулаторияларға, балабақшаларға күрделі жөндеу қажеттігі де – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Ақсай-2 ауылына су құбыры тартылғанымен, күні бүгін мекемелер арасында құжаттарды тапсыру-қабылдау жұмыстарының бітпеуінен тұрғындар ауыз суды пайдалана алмай отыр.  Ақсай ауылы  егін шаруашылығына әуелден бет бұрған елді мекен болғанымен, әлі күнге дейін тамшылатып суару әдісі енгізілмеген.

Жиналыста Ақжар-2 ауылының тұрғыны, зейнеткер Орынгүл Ибраева ауылда жаяу жүргіншілерге арнап жол салу қажеттігін айтса, ауыл тұрғыны Әсия Жарылғасова 2010 жылғы кезегі бойынша жер беруін өтінді. Тұрғындар қоғамдық көліктердің мектеп оқушыларын алмай кететінін, «Атырау-Индер» тасжолы бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісінің, ауыл көшелеріндегі қоқыс контейнерлерінің жоқтығын айтты.

— Өткен жылы 8 мектепке асхана үшін жапсаржай құрылыстарын бастадық, биыл бітеді. Сондай-ақ, биыл алты білім беру ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Былтырғы жылы қала бойынша 36 көше күрделі жөндеуден өтсе, биыл 160-тан астам көше асфальттанып, күрделі жөндеуден өткізілмек. 2014 жылы  Ақжар ауылындағы мектептің алдына жаяу жүргінші жолын салу мәселесі көтерілген болатын, биыл оның сметалық құжаттары жасақталып жұмыстар жасалады. Ақсай ауылындағы Достық, Қазақстан, Ақжайық, Тайманов көшелеріне және Ақжар ауылындағы С.Датұлы, Нұржанов, Достық, Мұнайшы, Ақжайық, Безимянный көшелерінің жолдары   күрделі жөндеуден өтетін болады. Ақсай мен Ақжар ауылындағы №№25, 26 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуді бастаймыз. Ауылда мәдениет ошағы жоқтығы ескеріліп, биылғы жылы 210 орындық мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттарын жасақтадық, — деді қала әкімі.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button