Жарнама
Қоғам

Әке аманаты

  Қан майданда от кешкен ата-әкелері туралы аз ғана мәлімет кездестірсе, өшкені қайта жанғандай қуанатындар арамызда аз емес. Сондай қуанышты сәттің бірі таяуда Исатай ауданының Жанбай ауылында орын алған болатын.

   Мұхтарәлі Нұржанов – ел шетіне жау тиген шақта майдан шебіне алғашқы болып аттанғандардың бірі. 1905 жылы Мыңтөбеде дүниеге келген ол жылқышы әкесі Нұржанның ісін жалғап отырған-ды. Суыт хабар жеткен сәтте-ақ аудандық әскери кеңсеге шақырту алып, майдан даласына аттанды. Әйелі Сәлима Ғилажиден мен Сабыреден есімді қос ұлын құшақтаған күйі ер-азаматының аман оралуын тілеп қала барды.  

  Сол бір сұрапыл шақтарда елде қалғандар майдан даласынан жететін тілімдей хатты сарыла күтетін. Бірақ, үшбұрышты амандық хаттары бұл шаңыраққа бір бұйырмай-ақ қойды. Тек «қара қағаз» келгені алды бестен енді асқан қос ұлдың ғана еміс-еміс естерінде.

   Ер жетіп, еңбекке араласқан Мұхтарәлі Нұржановтың ұлдары ел мақтаған азаматтарға айналды. Шаңырақ құрып, ұрпақ қызығына бөленді. Немере сүйіп, бақытты шақтарды бастан кешірді. Бірақ, майдан даласында хабарсыз кеткен әке туралы деректің болмауы өзекті өртейтін…

  Бірде олар «ғаламтор желісі арқылы көрші ауылдың тұрғыны Еркін Жұмажанов өз әкесі туралы деректер тауыпты» деген хабарды естиді. Сөйтіп, майдангердің немересі Көбеген атасы туралы деректі іздеуді қолға алады. Сұранысқа сай, Ресейдің Орлов облысының Кромск ауданынан жеткен хабарда Короськово селосындағы жауынгерлер зиратында қызыләскер М.Нұржановтың да жерленгендігі туралы жазылған. Осыған орай, Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиынға шақырту алған майдангердің ұрпақтары туған ауылдан арнайы шығып, ата зиратына барып келді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар…

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button