
Айтылған сөз орындалуымен құнды
Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысының баяндамасы туризм саласының дамуына бағытталған маңызды қадамдарды айқындайды.
Бұл бастама аймақтағы туризмнің дамуына тың серпін береді. Құрманғазы ауданындағы Лотос алқабын дамыту мен Қиғаш өзені жағалауын жаңғыртужұмыстарын жүзеге асыру өңірдің табиғи сұлулығын көрсететін жаңа туристік бағыттарды ашуға мүмкіндік туғызады. Мұндай жобалар экотуризмнің дамуына ықпал етіп, табиғатпен үндескен демалыс түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді. Аталған жоспарлар өңірдің туристік саласын дамытуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Құрманғазы ауданындағы Лотос алқабы сияқты табиғи ерекшеліктерге негізделген туристік бағыттарды дамыту – өңірдің бірегейлігін көрсетіп, туристерді тартудың тиімді жолы болмақ. Сонымен қатар, Қиғаш өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары табиғатпен үйлесімді әрі заманауи инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді.
Туризм саласын дамыту жөніндегі жол картасы өңірдің туристік әлеуетін барынша тиімді пайдалануғабағытталған. Бұл шаралар тек инфрақұрылымды жақсартуды ғана емес, сонымен қатар сапалы қызметкөрсету мен қауіпсіздік мәселелеріне де назар аударуды көздейді. Туристердің қызығушылығынарттыру үшін өңірдің тарихы мен мәдениетіннасихаттау, сондай-ақ аймақтағы туристік нысандардың бірегейлігін көрсету маңызды.
Бұдан бөлек, өңірдің бірыңғай туристік бренді мен ақпараттық қолдаудың болуы туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Бұл бастамалар Атырау облысын Қазақстандағы маңызды туристік бағыттардың біріне айналдыруға септігін тигізеді деп айтуға болады.
Сонымен қатар, «Zhaiyk Brand Fest» 2024 қараша айында ұйымдастырылып, жергілікті өнімдер мен қолөнер бұйымдарын насихаттауға арналды. Фестиваль барысында Атырау өңірінің брендтері таныстырылып, өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы байланыс нығайтыла түсті. Сонымен қатар, шара жергілікті бизнес өкілдері мен қонақтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етіп, өңірлік туризмді дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
Туризм саласын дамыту жөніндегі жол картасынәзірлеу – нақты жоспарларды жүзеге асыру үшін қажетті қадам. Бұл тек туризм инфрақұрылымынжақсартуды ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және облыстыңэкономикалық жағдайын жақсартуға бағытталғаншараларды қамтиды. Облысқа туристік бренд жасау, сол арқылы Атыраудың танымалдығын арттыру, сонымен қатар мәдениет, тарих, табиғи байлықтар мен туристік нысандарды көрсету бойынша дұрысстратегияны әзірлеу – маңызды мақсат.
Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аудару, әсіресе туристер үшін маңызды. Барлық осы шараларөңірдің туристік әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, туристік ағынды арттырып, экономикалық даму мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге септігін тигізеді.
Атырау облысының туристік әлеуетін дамытумақсатында атқарылатын жұмыстар ауқымды әріболашағы зор. Алдағы уақытта халықаралық және республикалық «Almaty Kitf 2025» көрмесіне қатысуарқылы облысымыздың туристік мүмкіндіктері әлемге таныстырылып, халықаралық деңгейде көрініс табуғамүмкіндік береді. Бұл көрме арқылы облыс туризмінедеген қызығушылық артып, инвестиция тарту үшін жақсы алаң болатыны сөзсіз.
Баяндамашының саяхатшы блогерлерге арналғантурлар ұйымдастыру туралы әңгімесі көпшілікке ұнағаны анық. Бұл қазіргі заманның тиімді әдістерінің бірі. Әлеуметтік желілер мен блогерлердің үлкен аудиториясы бар, олар өздерінің саяхаттары туралы жазып, өңірімізді танымал етуге ықпал ете алады. Бұл бастама Атырау облысының туристік нарығына жаңа аудиторияны тартуға бағытталған маңызды қадам.
Ал, гастрономиялық фестивальдер өткізу ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында айтарлықтай пайдалы болады. Өңірдің ұлттық асханасын көрсету, оның ішінде дәстүрлі қазақ тағамдары мен балық өнімдері ерекше қызығушылық тудырады. Гастрономиялық туризм – көптеген туристер үшін маңызды фактор. Бұл шаралар арқылы өңірдің мәдениеті мен дәстүрлері де кеңінен танытылады.
Экстремалды туризмді дамыту, әсіресе Нарын құмында джип-турлар ұйымдастыру заманға лайықталған жоба болары сөзсіз. Әрине, іске асса. Атырау облысының табиғи ерекшеліктерін пайдалану арқылы жаңа бағыттар ашуға жол ашады. Бұл туризм түрі белсенді әрі адреналин іздейтін туристер үшін тартымды. Сонымен қатар, жол нұсқаушы-гидтерді оқыту туристік қызметтердің сапасын арттырып, туристерге жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Туристік маршруттардың санын 30-ға жеткізу – бұл облыстың туристік әлеуетін кеңейтуге бағытталған тағы бір маңызды қадам болмақ. Туристік маршруттар санын көбейту арқылы түрлі қызығушылықтары бар туристер үшін таңдау мүмкіндігі артады, бұл өз кезегінде туризм саласының дамуымен қатар жергілікті экономиканың нығаюына әсер етеді.
Тек, айтылған сөз айтылған жерде қалып қоймай, жүзеге асар болса, ел сүйсінер іс болар еді.
Болатбек НҰРЛЫБАЙ,
«VISIT ATYRAU» туристік ақпараттық орталығының басшысы