Қоғам
АЙМАҚТЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ
Өз басым, әсіресе, білім мен тәрбие берудің жаңаша әдістері, мұғалім беделін арттыру хақындағы ойлы дүниелердің жиі жарияланып жүргеніне қуаныштымын. Соның ішінде «Шаңырақ» арнайы қосымшасы мен «Отбасы – қоғамның іргетасы» айдарында шыққан мақалалар, очерк, суреттемелерді жібермей оқимын.
Сенімді сырласыма айналған байсалды басылымның алдағы уақытта да халық арасындағы беделі биік, абыройы асқақ болуын, журналистерге тың шығармашылық табыстар тілеймін.
Маржан ҒАЛЫМЖАНОВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор.