Жарнама
Қоғам

АЙҚЫН БАҒЫТ АДАСТЫРМАЙДЫ

 

Мемлекет басшысы айтқандай, елімізде бүкіл әлемді шарпыған қаржы дағдарысынан қысылмай,  сүрінбей өтудің ал-ғышарттары толықтай жасалған деп есептеймін. Оған дәлел, кездескен қиындық-кедергілерге қарамастан экономикамыз табысты өркендеп, тұрақты да қалыпты дамуда. Әр салада келешегімізді кемелдендіре, жарқын болашағымызды айқындай, ертеңгі күнге деген сенімімізді нықтай түсер серпінді жобалар жүзеге асырылып, жаңа кәсіпорындар мен өндірістік қуаттар іске қосылуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, әлеуеті артуда.

Мәселен, біздің облысымыздағы іргелі де байырғы кәсіпорындардың бірінен саналатын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өмірінде де оң өзгерістер өте көп. Осыдан төрт жылдан астам уақыт бұрын, реконструкциялаудың алғашқы сатысында зауытта көмірсутекті өндіру кешені іске қосылған-ды. Енді, міне, кәсіпорынды қайта жарақтандырудың үшінші кезеңінде мұнда мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде. Алдағы 2016 жылы ол да аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әлгінде айтып кеткенімдей, уақыт пен заман талабына,  сұранысқа сай өнім шығаруға қабілетті мұндай жаңа қондырғылар мен қуаттардың іске қосылуы бір ғана ұжымның емес, бүкіл елдің әлеуетінің көтерілуіне жол ашары сөзсіз. Әрине, қазіргі кезде «қара алтынға» баланған байлығымыздың бәсі төмендеп, жанар-жағармайдың бағасы арзансыды. Әйтсе де, мұның барлығы уақытша қиындықтар, өтпелі кезеңнің құбылыстары деп ойлаймын. Ал, Президенттің айтқандары мен Үкіметке жүктеген тапсырмалары алаңдаушылықтың алдын алып, тосқауыл қойғандай әсерде қалдым. Сайып келгенде, қашан да айқын бағыттың адастырмайтындығына сенімім мол.

Қайрат ОРАЗБАЕВ,

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button