Әйелдің орны қайда?
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ИНСТИТУТЫ» ҚҚ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ МЕН «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҚОЛДАУЫМЕН «ГЕНДЕРЛІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕР МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕР КАРТАСЫ: ЭТНОСТЫҢ, ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ ТАПТЫҢ ЫҚПАЛЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА КІРІСКЕН БОЛАТЫН.
Жуырда жоба шеңберінде Атырау, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссиялардың, әйелдер ҮЕҰ, еңбек ұжымдарының хатшылары мен мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта 5 онлайн семинар-тренинг өтті.
Онлайн семинарда Қазақстандағы гендерлік саясатқа, әйелдерге қатысты кемсітушілікке, олардың мемлекетті басқаруға қатысуына байланысты мәселелер кеңінен талқыланды. Аталған шараға Атырау, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әйел заты көптеп қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Олар «Мемлекеттік басқарудағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту», «Әйелдердің қоғамдағы саяси және әлеуметтікэкономикалық өмірдегі белсенділігін арттыру», «Мәдениеттегі, өнердегі, БАҚ-тағы, білім берудегі гендерлік стереотиптерді жою», «Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу», «Әйелдерге, қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Ерлікті трансформациялау» деген тақырыптарда баяндама жасаған тренерлер – ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Цифровая трансформация» ҚҚ басшысы, «TechnoWomen» қауымдастығының президенті, жоба сарапшысы Азиза Шөжеева (Астана қ.), С.Демирел атындағы университеттің оқытушысы, «ФемАгора» ҚҚ сарапшысы, жоба сарапшысы Айгерім Құсайынқызы (Алматы қ.), «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Қамбар (Астана қ.), PhD құқық докторы, адам құқықтары жөніндегі заңгер, жоба сарапшысы Халида Әжіғұлова (Алматы қ.), ұйымдық және институционалдық дамыту, жобаны әзірлеу, қоғамдастықтың мұқтаждықтарын бірлескен бағалау (PRA), стратегиялық жоспарлау саласындағы жаттықтырушы-кеңесші, «Наш голос» ҚҚ саласындағы жаттықтырушы-кеңесші Айнұр Ормонова (Ош қ.) ханымдарға шексіз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Шынында, әйелдің орны қайда: отбасы-ошақ қасында ма, әлде түздегі қым-қуыт тірліктің бел ортасында ма?
Лиза СЕЙТІМОВА