Жарнама
Қоғам

Әйелдер көшбасшылығын дамыту қажет

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қатысуымен өткен жиында гендерлік теңдікті нығайту мәселесі сөз болды. БҰҰ-ның 1 325 қарары шеңберінде әйелдердің көшбасшылығын өркендетуге аса мән беру керектігі де айтылды.

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтті.
Бүгінгі іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Ивановна мен Гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық сарапшы, «Отбасылық табысты орталығы» қоғамдық қорының директоры Роза Мұхамедиярқызы арнайы келді.
– Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өңірлерде үш жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейін Солтүстік Қазақстан, Жамбыл обылстарында ұйымдастырылды. Ал бүгінде Атырау облысында жалғасын тауып жатыр, — дейді гендерлік саясат жөніндегі ұлттық сарапшы Роза Бекішева.
Айта кетейік, аталмыш іс-шараға Атырау облысының әскери қызметкерлер қатарынан, құқық қорғау органдарының және бітімгершілік құрылымдарының қызметкер әйелдері мен облыстық және өңірлік комиссия мүшелері де қатысты.
Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button