Әйелін балағаттағаны үшін 3 тәулікке қамалды

balagat e1517891543412 Шаһар шырайы

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот балағат

Іс құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы А. Құлсары қаласында алкогольдік масаң күйінде үйіне келіп, жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, жанұяның тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.

Дегенмен, жәбірленуші жолдасына қатаң жаза тағайындауды сұрайтынын көрсетті.

Сот қаулысымен құқықбұзушы А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз