Жарнама
Қоғам

ӘЙЕЛДЕР ҚАШАН ДА БЕЛСЕНДІ

 

Комиссияның кезекті, нақтырақ айтсақ, жылжабар басқосуында ауыл шаруашылығын жаңғыртуға әйелдердің қосқан үлесі туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Серік Сәрсекенов баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, қазіргі күнде облыста 2096 агроөнеркәсіп кешені құрылымындағы әйелдер басқарып отырған шаруа қожалықтарының саны – 163, пайыздық үлесі – 7,8. Жалпы облыста ауыл шаруашылығы мәселесі, онда еңбек етуші, басшылық жасаушы әйел затына егжей-тегжейлі тоқталған баяндамашыға комиссия кеңесшілері, еңбек ардагерлері Мәдина Ғабдісәлімова мен Нұржиян Абдолова аудандардағы жылыжай жайы, жер құнарлылығын арттыру бағытында сауалдар қойды.
Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы ешбір көгілдір отыны жоқ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағашта жылыжай кез келген үйдің ауласында бар екенін мысалға келтірді. Ал, «газы жүріп, суы ағып, жарығы жарқырап тұрған біздің өлкеде әр үйге неге осылай істемеске?» деген ой тастады.
Мұнан әрі әңгіме гендерлік саясатты іске асыру аясында жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдарға ойысты. Бұл жөнінде облыстық Ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева баяндама жасап, облыста гендерлік саясат пен отбасы құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау шараларын ұйымдастырған «Дархан-1», «Шаңырақ-2008», «Ақпарат», «Атырау журналистер одағы «4-билік» қоғамдық бірлестіктері мен «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» облыстық филиалы жүргізген жұмыстардың нәтижелілігіне тоқталды. Мазмұнды баяндаманы асықпай тыңдап, біраз жұмыстың жасалғанына көздері жеткен комиссия мүшелері мен кеңесшілері «өзінің ісімен өзгелерден көш ілгері шыққан үкіметтік емес ұйымдар басшыларын марапаттап отыру қажет» деген тоқтамға келді.
Комиссияның отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Мұқан алдағы 2014 жылдың жұмыс жоспарына ұсыныс-пікірлерін комиссия мүшелерінің алдағы қаңтар айының 15-іне дейін жолдауға болатынын естеріне салды. Жаңа жыл алдында комиссияның бір топ белсенді мүшесі Алғыс хатпен марапатталды.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button