Жарнама
Қоғам

ӘЙЕЛ САУЛЫҒЫ — ҚОҒАМ САУЛЫҒЫ

Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының жанынан құрылған «Әйел және денсаулық сақтау» секциясының ұйымдастыруымен “Әйел денсаулығы – қоғам саулығының кепілі” атты облыстық конференция өтті.

61723abd 6be3 48f3 a962 36c731583939


Конференция делегаттары алдымен “Жалын” мәдениет үйінің фойесіне жалғастырылған Іскер әйелдердің қолымен жасалған туындылардың көрмесімен танысты. Содан соң олар лед экран арқылы қоғамдық ұйымның қызметін көрсететін бейнебаянды тамашалады.
Конференцияны Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан кіріспе сөзбен ашып, оның жұмысына сәттілік тіледі.
Форумға облыстық мәслихаттың депутаттары, өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері мен кәсіпкер қыз-келіншектер, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Конференция жұмысын жүргізуші модератор Ардақ Жауырова талқыланып отырған тақырыптың маңыздылығы мен мәселенің өзектілігіне тоқталды. Бүгінгі таңда әйелдердің арасында жиі тіркелетін аурулардың алдын-алу, диагностикалау және емдеу, олардың физикалық және эмоционалдық көңіл-күйін сақтау және жақсарту үшін қолайлы жағдайларды жасаудың маңызы зор, алар орны ме атқарар қызметі ерекше. Мұның өзі тұтастай алғанда, қоғам денсаулығын сақтау кепілі, алғышарты болып табылады.
Басқосудың арқауына айналған әңгіменің
түйінін спикерлер:
облыстық онкология диспансерінің басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Эльмира Сапарова, Исатай аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Кабулова, облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселері бойынша штаттан тыс кеңесшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Фатима Төлеева тарқатты. Әсіресе, «Онкологиялық аурулардың алдын-алу: әйелдер арасында көп кездесетін қатерлі ісіктер. Ерте диагностика және алдын-алу іс-шаралары», тақырыбына айрықша назар аударылды.
Конференция жұмысын Исатай аудандық маслихатының депутаты, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы өңірлік филиалының төрағасы Ақмарал Тахаева қорытындылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button