Жарнама
Қоғам

АГРОКЕШЕНГЕ ДЕ – СОНЫ СЕРПІН

 

Бейнелеп айтқанда,  сол бес реформаның бірі «Әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталды. Соның ішінде жаңа кешенді бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу секторын дамытуға да баса назар аударылған. Мұның өзі ел экономикасының жетекші салаларының бірінен саналатын ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеп, өңдеуші өнеркәсіп өрісінің кеңейе түсуіне септігін тигізері сөзсіз.

Сайып келгенде, бұл республикамыздың жекелеген өңірлерінде агроөнеркәсіп кешені бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардың жүйелі түрде және мерзімінде орындалуына жол ашатындығы да күмәнсіз. Осылайша, «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында межеленген іс-шаралардың кезең-кезеңмен атқарылуы қамтамасыз етіледі.

Бұл үрдісте аймақтағы бірден-бір ауыл шаруашылықты өңір болып табылатын Махамбет ауданының өзіндік үлес салмағы, алар орны ерекше екені  анық. Ендеше, жергілікті шаруагерлер мен шаруашылық құрылымдары халықтық реформаның арқауына айналып отырған осындай маңызды міндеттің үдесінен көрінуге бір кісідей атсалысып, белсенділік танытады деп үміттенемін.

 

Қайреден НАУБАЕВ,

Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button