Жарнама
Қоғам

Адамның бақыты – балада

Ұлттық  тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, өзара тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Мектеп-отбасы-бала байланысының тиімді модельдерін іздестіру. Осы мақсатта Атырау  қаласындағы тілінің мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернат жанынан құрылған ата-аналар университетінің ұйымдастыруымен «Адамның бақыты – балада» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Бұл шара негізінен биыл атап өтілетін ұлы ағартушы, ақын, хакім Абайдың туғанына 180 жылдығына орайластырылды.  

 Өскелең ұрпаққа «Сөзі алтын, ақылы кен хәкім Абайды» таныта отырып, оның өзі жазып қалдырған «толық адам» идеалына сәйкес келетін білімді, моралдық тұрғыдан тұрақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу – басты міндетіміз. Дәстүрлі шарамызды ұлтымыздың ұлы тұлғалары, халқымыздың баға жетпес құндылығы – ұлы ағартушыларымыздың  өнегелі  өмір жолы  мен шығармаларын кеңінен насихаттауды көздедік. Сол себепті де бұл жолғы шарамызды туған халқының кемел келешегі  үшін теңдессіз білім мен тәлімді тәрбиенің іргетасын  қалаған ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ғажап сөздері мен терең ойларымен қазақ халқының рухани қазынасына айналған Абай Құнанбайұлы, қазақ  тілінің тұғырын бекіткен, әдебиетіміз бен тіл білімнің негізін салған Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арнағанды жөн санадық. Наурыз мейрамының қарсаңында, көрісу күнімен тұстас келгендіктен тағылымы мол танымдық шараға қатысушыларды осы ұлылардың есімдерімен айдарланған ауылдардың аясына топтастырдық, — деп түсіндірді ұйымдастырушылардың бірі, мектеп-интернат директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңылсын Баймұханова.

 Осылайша, аталған ауылдардың атынан үш топқа бөлініп, өзара сайысқан талапты өрендер өздерін таныстырудан бастап, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырына, олардың топ алдында тайсалмаған көсемдігі мен шешен сөзге дес бермеген шеберлігі, данышпандығы мен ойшылдығы хақында қойылған сұрақтарға жауап беруден еш тосылмай, білімпаздықтарын байқатты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button