АТЫРАУЛЫҚ ПАРАТЕНИСШІЛЕР АЛТЫН АЛДЫ

Paratenisshiler Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл.Жастар жылы аясында Ақтөбе қаласында  паратеннистен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, Гүлнар Иманалиева жаттықтыратын  Атырау облысы құрамасы осы сайысқа 9 спортшымен қатысып, жарыс нәтижесінде олардың  сегізі  жүлделі орындарға ие болды.

Тартысқа толы ойындар барысында Ерлан Қазиев, Махамбет Насихан, Али Махулбеков, Ұлжан Қаламғалилар үздік ойын өрнегін көрсетіп Қазақстан  чемпионы атанса,  Жұлдыз Ерубаева, Нұрқожа Қыдырбек, Ақжол Кенжеғалилар күміс медаль иемденді. Ал,  Тоққожа Қыдырбек қола жүлдеге ие болды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз