Жарнама
Қоғам

АҒАҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ…

«Әр кезеңнің өз қиындығы бар» дегендей, ол кездің фототілшілері пленка салатын шағын фотоаппараттармен жұмыс жасайтын. Мұндай суреттерді анық, газетке беретіндей етіп дайындау оңайға соқпаушы еді. Суреттер ағарып не тым күңгірттеніп кетсе, газетке беруге тағы болмайды. Міне, осындай қиындықтың бел ортасында жүріп өз қызметін тиісті дәрежеде атқара білген Сәкең достық пен жолдастыққа адал, айналасындағыларға жайлы болған-ды. Өмірден небәрі 45 жасында өткен оның осындай адамгершілік қасиеттері туралы сол кездегі аудандық партия, ауыл шаруашылығы, баспасөз саласын басқарған облысымызға танымал жандар — Нұржиян Абдолова, Мұрат Ещанов, Қуандық Батыров және басқалары сағынышпен әңгімеледі.
Ал, өз кезектерінде сөз алған Сәкеңнің қарындастары, әрі кітаптың авторлары — Жансекер мен Мүмина Бәбиқыздары: «Біріміз — Исатай, екіншіміз Сарайшық селосынан келіп отырмыз. «Жақсылық жасауға жаралған» атты осы естелік кітабымызды марқұм ағамыздың рухына арнаймыз. Бір өкініштісі — Сағи ағамыз отбасын құрмады, артында тұяғы қалмады. Сондықтан, ол кісінің жоқтаушылары біз болып отырмыз…» — деп, естелік кітаптың тұсаукесеріне келген барша ағайынға, көз көрген жандарға ыстық ықыластарын білдірді. Шара соңында Сәкеңе арналып дұға оқылды.

Лиза СЕЙТІМОВА,
суретте: фототілші туралы жаңа кітап.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button