Жарнама
Қоғам

92 жастағы атыраулық әжеге Президент алғыс айтты

Қаптарды топырақпен толтырып, бөгет соғу жұмыстарына көмектескен әже Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылының 92 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Орынша Қожиева екен.
Орынша Тоқтыбаққызы – 10 баласынан 16 немере және 10 шөбере сүйіп отыр. 70 жасқа дейін «Первомайский» кеңшарында жем-шөп өсіруші болып жұмыс істеген.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының атынан Жайық өзенінің жағалауын нығайтуға көмектескен әжейге алғысын білдіріп, облыста жарияланған ТЖ режимі туралы айтты.
«Бүкіл ел Бейбарыс ауылындағы мектеп ұжымына жағалауды нығайту жұмыстарына көрсеткен көмегіңіз туралы көріп-білді. Маған Президенттің өзі қоңырау шалып, жанқиярлық еңбегіңіз үшін алғыс айтуды өтінді. Сіз су тасқынына дайындық жұмыстарына өз үлесіңізді қосып, жастарға үлгі болып отырсыз», — деді Серік Шәпкенов.
Орынша Тоқтыбаққызы тасқын қаупі төнгенде зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзі еңбек еткен мектеп ұжымына көмектесуге шешім қабылдағанын айтты.
«Қазірдің өзінде біраз жасқа келіп қалдым. Сондықтан, менің қолымнан келетіні құм толтыруға қапшықтарды жедел дайындап отыру. Табиғаттың тосын мінезін болжап білу мүмкін емес, осы жасыма дейін мұндайдың талайын көрдік қой. Сондықтан, су тасқынына алдын — ала дайындалу керек»,-деді 92 жастағы кейуана.
Серік Шәпкенов әлеуметтік желіде кең таралған бейнероликтің кейіпкеріне бүгін Атырау облысы бойынша ТЖ режимі жарияланғанын хабарлады. Бұл қадамның жергілікті атқарушы органдар мен тиісті қызметтердің алдағы су тасқынына қарсы дайындығын күшейту мақсатында жасалғанын және дүрбелеңге салынуға себеп жоқ екенін айтты.
Атырау облысының жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button