Қоғам
75 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАРИЯЛАНҒАН ӨЛЕҢ…
Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты.
Білім жолында
Бақытты СССР-де жас пен кәрі,
Оқыған біздің елде оның бәрі.
Алуға дұрыс білім өздеріне,
Бәрі де біздің елде праволы.
Мектебім көсем берген жайнаған гүл,
Береді тәтті балын біздерге ол.
Алуға жаппай білім сол байлықтан,
Елімнің ұлы-қызы оқуда жүр.
Жастарға лайықты өрелер көп.
Алады сүйген ісін өзіне деп.
Алсын деп бір өнерді өзі сүйген,
Мектепті ашқан көсем жастарға деп.
Өседі жас бөбектей гүлденеді,
Білім мен техниканы меңгереді.
Көсемнің аймалаған қамқорлығы,
Біздерге гүлденуге дем береді.
Оңайбай КӨШЕКОВ,
Бақсай ауданы,
Таңдай орта мектебінің оқушысы.
(24 қараша, 1940 жыл).