Жарнама
Қоғам

42 500: Үш күннің ішінде жәрдемақы алдым

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Мен төтенше жағдайға орай беріліп отырған әлеуметтік төлем алушы көптің бірімін. Бұрынғы жұмыс орнымнан қысқарғандықтан қазіргі күні қолайлы жұмыс іздеуде едім. Бір сөзбен айтқанда жұмыссыз болатынмын.


Елімізде төтенше жағдай жарияланып, мемлекет тарапынан халықты қолдау ретінде төлем беріле бастағанда мен де өз өтінішімді электронды түрде жолдағанмын. Тапсырыс жасағанымнан үш күн өткен соң есепшотыма 42 500 теңге түсті. Басында сенбедім. Үйдегі төрт қабырғаға қарап, қол қусырып отырғанда тіршілігіңе қажетті қаражаттың топ етіп түсе қалғаны таң қалдырды.


Бүгінгі күні отбасымызбен бірге дастархан басына жиналған сайын бұқарасының бабын ойлап, бірлікте өмір сүруіне барлық жағдайды жасап отырған Президентімізге аманшылық, елімізге тыныштық тілеп отырамыз. «Бірлігіміз жарасса, біз бәрін жеңеміз!» дейміз.


Арман ДОСПАЕВ,
Атырау қаласының тұрғыны

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button