40 жыл тергеу изоляторында қызмет еткен
Халықаралық қарттар күніне орай Атыраудағы тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеде 40 жыл еңбек еткен 81 жастағы Бәтіш Нәсіпқалиеваға құттықтап барды.
Бәтіш Нәсіпқалиева УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде медбике болып 40 жылға жуық жұмыс істеген.
— Әр жұмыстың өз қызығы мен қиындығы болады. Әрине, ол кезде заман басқа. Түрлі қорқынышты жағдайлар да болғанын жасырмаймын. Кез-келген тергеудегі азаматқа қылмысына қарамай медициналық көмек көрсетуіміз керек. Өйткені бұл қызметтік борышымыз. Көзді-ашып жұмғанша 40 жыл өтіп кетті,- дейді Бәтіш Нәсіпқалиева.
Мекеме қызметкерлерін көрген Бәтіш Нәсіпқалиева бір қуанып қалып, батасын берді. Мекеме атынан құттықтау хаты мен гүл табысталды.
— Сіздің қызметіңіз – бізге үлгі. Көптеген жылдар бойы бір мекемеде жұмыс істеп, еңбекқорлығыңызды көрсеттіңіз,- дейді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы м.а Мәди Өтебаев.