3,5 мың құлсарылық қоғамдық штабтың кеңесіне жүгінді
Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлімдеді.
Еске сала кетсек, қоғамдық штабта су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек бөлу, несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, су басқан үйлер бойынша бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан материалдық көмекке құжаттар жинау бойынша кеңес ала алады. Бүгінде 3,5 мыңға жуық тұрғын Құлсары қаласының қоғамдық штабына кеңес алды.
–Қоғамдық штаб мүшелері Жедел штаб пен аудан әкімдігінің жұмысын едәуір жеңілдетті. Халықты толғандыратын барлық мәселе бойынша кеңес беретін қоғамдық белсенділердің арқасында біз су тасқыны салдарын жоюға — Құлсары қаласын құрғатуға және дезинфекциялау жұмыстарына толықтай кірістік, — деді Ж.Қаражанов.
29 сәуірдегі ақпарат бойынша, Жылыой ауданында 2 920 үй мен 19 көппәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) су астында қалды. Біржолғы материалдық көмек алуға 3 810 өтінім келіп түсті, оның 3 597-сі қанағаттандырылды.