Жарнама
Қоғам

Атырауда жасөспірімдер арасында қылмыс азаймай тұр

Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың жиілеп кетуінің себебі неде? Осы сауал облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында өткір қойылды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаевтың мәлімдеуінше, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыс көрсеткіші өскен.

– Жасөспірімдер көбінесе ұрлықпен ұсталады. Мәселен, колледждің 3 студенті тұрғындардың ауласында тұрған көліктердің аккумуляторын ұрлаған. Олардың ісі сотта қаралып, тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шарасы 2 жыл мерзімге тағайындалды, — деді полиция өкілі.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде орын алған жағдайға байланысты зерделеу жұмысы жүргендігін айта келіп, көпшілікті оның қорытындысымен таныстырды.

 – Балалар үйінің басшылығы мен тәрбиешілерінің тарапынан қатыгездік көрсету фактілерін анықтау үшін комиссия құрылды. Арнайы жүргізілген сауалнама мен әңгімелесу тәрбиешілер мен балалардың қарым-қатынасында өзара сенім орныққанын анықтады. Комиссия мүшелері балалармен, педагогтармен кездесті. Дегенмен, олардың тарапынан ұсыныс-пікір айтылған жоқ, — деп түсіндірген басшының орынбасары құқық қорғау органы тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Облыс әкімінің орынбасары аталған мәселеге байланысты тағы да комиссия құрып, баланың құқығына нұқсан келмейтіндей тексеру керектігін нақтылады.

– «Шаңырақта» мұндай факт осымен үшінші рет қайталанып отыр. Сондықтан, бұл дерек бойынша бейнекамераларды тексеріп, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, — деген Жасұлан Бисембиев бейнекамерадағы жазба 6 айға дейін сақталу керектігін алға тартты.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button