Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

Үстіміздегі жылдың 11 айында облыс бойынша барлығы 36 599 өтініш тіркелді (жеке тұлғалардан – 28 983, заңды тұлғалардан – 7614). Оның ішінде, 7 604 өтініштер оң шешілген,жер мәселесі бойынша – 3 697 өтініш, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 608, әлеуметтік көмек көрсету бойынша – 552, еңбек қатынастары бойынша – 510, азаматтық хал актілері, қорғаншылық тағайындай және басқалары – 563, төтенше жағдай бойынша (пандемияға байланысты) – 412, кәсіпкерлікті қолдау бойынша – 364,денсаулық сақтау – 195, ауыл шаруашылығы – 148, білім беру – 200, құрылыс – 188,  жұмыспен қамту – 71,  қаржы және жекешелендіру – 55,  мәдениет және спорт – 18, басқа да мәселелер – 23.

28 995 өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді.

Бұдан басқа, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерімен 1712 азамат жеке қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен  – 123.  

Өткізілген қабылдаулардың қорытындысымен 231 азаматтың мәселелері оң шешілді (тұрғын үй бөлу, жер бөлу, әлеуметтік көмек, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және т.б.)

Сонымен қатар, өткен кезеңде облыс әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсесіне  жеке мәселелерімен хабарласқан 1800-ден аса азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанынан халықтың өзекті мәселелеріне жауап беруге арналған «109» бірыңғай байланыс орталығына 401 604 азаматтар және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 396 938 азаматтар хабарласып, қызметтер көрсетілген.

Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз