Жарнама
Қоғам

Журналистер арасында шығармашылық байқау жарияланды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы облыс әкімінің қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Амандосов атындағы сыйлығын беру үшін ең үздік журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.

Конкурсқа БАҚ-ның материалдары (баспа, телеарна, интернет-басылымдардың тілшілері немесе редакциялардың) 2021 жылдың 1 қаңтар мен 2022 жылдың 20 маусым аралығындағы жұмыстары ұсынылады.

Қатысушының ұсынылатын материалдарының саны 5-тен аспауы тиіс.

Конкурсқа қабылданатын материалдың тақырыптары:

«Халық пен нарық» — өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, кәсіпкерлік, баға, инфрақұрылым туралы сараптамалық, проблемалық материалдар;
«Тамыры терең тарих» — ел, өлке тарихы туралы материалдар;
«Экономика тірегі — тұрақтылық» — талдау-сараптамалық материалдар.

Конкурс қорытындысы конкурстық комиссиямен «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында хабарланады.

Конкурсқа қажетті құжаттар облыстық ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне 2022 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

Біздің мекен-жайымыз: Атырау қ., Әйтеке би көшесі, 77, 105 кабинет.
Телефон: 95-68-03.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button