Жарнама
Қоғам

Бүгін Атырау-Астрахань шекара бекетінде шектеулер алынды

Бүгіннен бастап еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты бірқатар шекаралық шектеулер алынып тасталды.

Осыған орай, Қазақ­стан­­ Республикасының Мемлекеттік шекарасын Атырау облысына қарасты Құрманғазы өткізу пунктінен өтетін азаматтардың назарына:

  • 2 жылдық шектеулерге әсерінен жолаушылар ағымы көп болу мүмкіндігіне байланысты азаматтарды жинақталу кезінде сабырлы болуға және мәдениеттілікті сақтауға шақырамыз;
  • Шетелге шыққанда, ең алдымен, жол жүру құжаттарының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын транслитерациясында), туған күні мен жері, балалары туралы мәліметтер, төлқұжаттың жарамды екеніне көз жеткізуін;
  • Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатыны;
  • Өткізу пунктінің аумағы ҚР 2013 жылғы 16 қаңтардағы ҚР Мемлекеттік шекара туралы заңының тармақтарына сәйкес режимдік аумақ болып саналады (Өткізу пунктінің қызметкерлерінің нұсқамаларына сәйкес әрекет ету, заңмен белгіленген талаптарды орындау). Шекарашылардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасамау.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің ақпарат бөлімінің офицері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button