Газ мәселесі шешімін тапты

210513165401418e Қоғам

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалын тұтынушыларға газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруді міндеттеді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің атына екі тұтынушыдан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Атырау өндірістік филиалының газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруден бас тарту бойынша заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдар келіп түскен болатын. Жоғарыда көрсетілген шағымдар негізінде, ТМРКД «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына қатысты табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының сақталуы тұрғысынан жоспардан тыс тексеру ашты.

Тексеру нәтижелері бойынша, 2021 жылғы 9 желтоқсанда Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғады және тұтынушыларға газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар беру арқылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Алайда, субъект Департаменттің аталған нұсқамасын заңнамада белгіленген мерзімде орындамады және оған Атырау облысы бойынша арнаулы ауданаралық әкімшілік сотына шағым түсірді. Атырау облысының арнауы ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 11 наурыздағы шешімімен Департаменттің ұйғарымы заңды және негізді деп танылды, ал субъектінің талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды (сот шешімі заңды күшіне енген жоқ).

Бүгінгі күні Департаменттің мекен-жайына жүгінген тұтынушыларға сұратылған көлемде газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттар берілгендігін атап өткен жөн.

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз