Жарнама
Қоғам

Энергия көзінің сенімді әрі экологиялық таза түрі

Атом электр станциялары — әлемдегі электр энергиясын өндірудің маңызды көздерінің бірі. Олар аз көміртекті энергияны қамтамасыз етіп, жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Қазақстанда АЭС салу тақырыбы көптен бері талқыланып келеді. Бұл тақырып елдің энергетикалық болашағы үшін маңызды болса да, ол бірқатар артықшылықтар мен тәуекелдерді қамтиды.

Мен 1976-78 жылдары Семей ядролық сынақ полигоны зардабын жоюға қатысып қайтқан едім. 1987 жылы Чернобыль апатын заласыздандыруға жіберді. Әскерде болғандар дайын жауынгер саналатын. Сондықтан әскери комиссариат шақырды, бұл өзі соғыс сияқты болды ғой. Бізді Қазақстан атынан жіберді. Бірден Украинаға бардық. Үстімізде әскери киім. Киевте бізді әскерилер күтіп алып, әскери округке апарып, әр топқа бөлді. Ол кезде қайда баратынымызды да білген жоқпыз. Кейін радиациясы бар жерге жіберетінін айтып, қайда баруға болатыны, қай жерді баспау керегі жөнінде нұсқау берді.
Жарылыс ошағынан 60 шақырым жердегі казармаға орналастырған соң, арнайы әскери киім берді. Ол жерде он шақты часть болды. Төртінші блокты білесіз, сол жерде дәнекерлеуші болып жұмыс жасадық. Берілген 2-3 минутта тапсырылған тапсырманы орындап, шығуымыз керек. Кезекпен жібереді. Жалпы, радиация аймағында 4-5 сағатан артық жұмыс жасауға болмайтын. Біз радиация деңгейін төмендетуге және оның таралуына кедергі келтіретін жағдайлар жасауға бағытталған іс-әрекеттерді орындадық. Атқарылған жұмыс көлемі орасан зор болды. 15 күн сол жақта, 15 күн әскери бөлімде жұмыс істедік.
Тал-теректер қып-қызыл болып тұратын. Жемістері піскен. Жиһаздарымен бос қалған үйлер, қабырғаға ілінген фотосуреттер… Бәрі көз алдымда. Жаспыз, рұқсат етілмесе де, қызықтап қарайтынбыз. Радиациялық сәулені мөлшерден көп алған болуым керек, үш айдан соң елге жіберді.
Атом электр станциясын салу – экономикалық және экологиялық артықшылықтары бар күрделі жоба. Қазақстанның уран қоры мен энергетикалық тәуелсіздігі үшін бұл маңызды қадам болар еді. Дегенмен, қауіпсіздік мәселелері мен радиоактивті қалдықты басқару проблемалары шешуді қажет ететін басты міндеттер болып қала береді. Сондықтан АЭС салу туралы шешім қабылдағанда барлық тәуекелдер мен артықшылықтарды жан-жақты талдау қажет. Сол себепті де референдумға бір кісідей қатысып, дұрыс таңдау жасаған жөн.

Аманбай БӘКЕСОВ,

Чернобыль ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button