Аяусыз соққыға жығылған адамдар жайлы видео тарады

ФОТО ТЕЛЕФОН БЕЙНЕЖАЗБА

Қазнетте көшеде адамдарды аяусыз соққыға жығып жатқаны жайлы видео таралып жатыр. Ішкі істер министрлігі видеожазбадағы бұзақылық әрекеттің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады. 

ФОТО - ТЕЛЕФОН

«Оқиға Өзбекстан Республикасының Наманган облысы аумағында осы елдің азаматтары арасында болған», — деп жазылған Қазақстан ІІМ мәлімдемесінде. Кейбір қолданушылар видеоға ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған пікір қалдырған. Министрлік жалған деректерді таратып, ұлттық алауыздықты өршіткендер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұған дейін Қарағанды қаласында «Древний Рим» мейрамханасының жанында Жаңа жыл қарсаңында жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желілерде төбелес ұлтаралық қақтығыс негізінде туындағаны жайлы сыбыс тарады. Билік жанжал тұрмыстық сипатта болғанын бірнеше рет мәлімдеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз