Жарнама
Қоғам

Экс-депутатты еске алды

«Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігі жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыруға бағытталған «Atyrau Students Union» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық мәслихатының экс-депутаты Асқар Бопылдықовты еске алуға арналған “QUIZ” ойыны өтті. Ойынға жоғары оқу орындары мен кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттік өзін өзі басқару құрылымдары қатысты.

Айта кетейік, Асқар Төребай 1984 жылы дүниеге келген. Ол «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалы төрағасы қызметін атқарған. Әріптестері оның жас болса да бас болып халық қалаулысына айналып үлгергенін, тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосқанын атап айтып, сағынышпен еске алады.

Ал дода барысында қатысушыларға зияткерлік бағытта әртүрлі сұрақ қойылып, жеңімпаздар жүлделі орындармен және әртүрлі сыйлықпен марапатталды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button