«Газет неге кешігеді?..»

big 37835af9dc33b2a8 Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы басшылығының назарына!

– Қарағым, әскердегі ұлымнан хат бар ма?

– Бүгін жоқ, апа, келесіде келіп қалар…

Осылайша хат тасушының жолын тосып тұратын қайран ақжаулықты аналар-ай, бір хат келсе, ұлының өзі келгендей қуанып, көкірегіне басатын өздеріңнен жақын жан бар ма балаңа. Қазір жағдай басқаша: ешкім хат жазбайды, сарыла күтпейді. Ұялы телефонмен сөйлесіп-ақ, бірбірінің қал-жағдайын біліп отырады. Суреттерін жолдап, тіпті жүздерін де көре алады. Сол себепті де аналар мен хат тасушылар арасында мұндай әңгіменің е стілмегеніне қанша жылдың жүзі болды десеңізші?!

Интернеттің арқасында қандай хабар да желдей есіп, ұшқан құс, жүгірген аңнан бұрын жетуде. Тек мерзімдік басылымға жазылып, оны үйге алдырту қызметі бұрынғысынша – пошта арқылы. Ал, осы қызметке көпшіліктің к ө ң і л і т о л ы п ж ү р м е ? Б ұ л сауалға жауап беруге келгенде кібіртіктеп қаларымыз анық. Өйткені, редакцияға күнбе-күн дерлік қоңырау шалып, кешіккен газетіне сұрау салушыда есеп жоқ десе де болады. Олар – «Атырау» шағынауданының тұрғыны Есенбике Ш а к и е ва , Е р к і н қ а л а ау ы л ы н а н И ш а н ә л і С ат ы б а й , « С М П – 1 3 6 » шағынауданынан Мәулеш Шалиева, « Ж ұ л д ы з – 1 » ш а ғ ы н ауд а н ы н ы ң тұрғыны Сағынғали Рамазанов, «Көктем» шағынауданынан Марта Сәбитова, тізім о сылай жалғаса береді.

Баса айтарымыз сол, осы оқырманның бәрі дерлік зейнеткер, яғни азғантай зейнетақыларынан ж ы р ы п , ру ха н и а з ы қ қ а ж ұ м с ап отырған көкірегі ояу жандар. Бұл кісілердің бірі газеттерін апталап ала алмай жүрсе, М.Сәбитова жыл бойы алмаған. Біз облыстық газетке жазылып алып, енді оны бір көруге зар болып отырған оқырмандардың жан қиналысын жақсы түсінеміз. Бұл мәселе газет бетінде әлсін-әлсін жазылып жүрсе де, «баяғы жартас – сол жартас» күйінде қалып келеді. Бірақ, не керек, поштаның бір бөлімше сінің қызметі ретке келіп жатса, келесісінде жағдай мәз емес. Бұған дәлел – газетке жазылушылардың жанайқайы. Е н д і о қ ы р м а н д а р ы м ы з ғ а с ө з берелік:

Хат тасушы қайда?»

Жұмыскердегі «Өркен-1», «Өркен-2» шағынаудандарының тұрғындары облыс айнасы – «Атырауды» ала алмай отыр. Көпірдің аузындағы №21 пошта бөлімшесінде бес айдан бері хат тасушы жоқ. «Ақшасы аз» деп келмейді. Газеттерімізді өзіміз аяқтай барып, аптасына бір аламыз. Осындай қиындық жалғаса беретін болса, келесіжылға газетке қалай жазыламыз, деп уайымдаумен жүрміз.

Жоламан БИМАҚОВ, зейнеткер

«Жаңалықты кеш оқимыз»

Бізге қызмет көрсететін №20 байланыс бөлімшесі арнайылап жазылған мерзімдік басылымдарымызды уақытылы жеткізбейді. Мәселен, бүгін – бейсенбі, біз әлі сейсенбі күні шыққан газетті алғанымыз жоқ. Уақытында газетіміз қолымызға тимегендіктен, қала мен облыста болып жататын жаңалықтардан бейхабар боламыз. Алдағы жылға газетке жазыламыз ба, жоқ па – білмей отырмыз.

Қазима САДЫРОВА, Исмағұлов көшесінің тұрғыны, зейнеткер

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК

Тынық мұхитындағы Вануату мемлекетінде суасты пошта бөлімшесі бар. Су астында арнайы жасалған, хаттарды жеткізетін және қабылдайтын осынау пошта бөлімшесі үш метр тереңдікте орналасқан. 1916 жылы ағылшын кәсіпкері пошта арқылы 80 мың кірпіш тасымалдаған. Ол басқа қалада өзіне банк ғимаратын тұрғызып жатқан көрінеді.

Есептей келе, пошта арқылы тасымал жасаудың өте арзанға түсетінін білген. Бұл қулықты білген әкімшілік алдағы уақытта бір адам пошта арқылы бір күнде тек 91 кг затты жібере алатын заң енгізіпті. Әлемдегі пошта қызметі минутына жалпы есепте 5 миллион хат пен затты басқа жаққа жөнелтеді. Жер бетінде хатты ең көп алатын екі адам бар екен: бірі – Рим папасы, екіншісі – Аяз ата. Өмірде болмаса да, «Аяз ата» атанып кеткен белгісіз азамат 1985 жылдан бері пошта арқылы 18 миллион хат алыпты!

ТҮЙІН

Жасыратыны жоқ, қазір баспасөзге жазылу оңай шаруа емес. Біріншіден, оған біраз қаражат қажет. Екіншіден, оның уақытында қолыңа жететініне сенімді болу керек. Өкінішке орай, газетке жазылып алушылардың сөзінше, ол күннен-күнге қиындап барады. Өйткені, газет тұтынушыға дер кезінде жетпей жатыр. Алда тағы бір жаңа жыл келе жатыр. Ең болмағанда осы жылы хат-хабар тасушылардың қызметі оңға басса екен. Бұл – барша газет алушының тілегі.

Лиза СЕЙТІМОВА

* Сіз не дейсіз?

Қазір Атырау облысы бойынша 57 франчайзер бөлімшесі қызмет атқаруда. Бұл жоба 2017 жылдан бастап іске асырылды. Жалпы әлем бойынша ол шет елдерде, әсіресе, Ұлыбритания, Швейцария, Германия мемлекеттерінде қарқынды жұмыс істеуде.

Жобаның басты мақсаты – «Қазпоштаның» қызмет көрсетуін қолжетімді қылу және тұтынушыларға жедел қызмет көрсету. Атап айтқанда, олар – агенттік, пошта және қаржы қызметі. Сонымен бірге, пошта бөлімшелері арқылы төлемдерді қабылдаудан басқа бес банкімен («Альфабанк», «Хоумбанк», «Евразиялық банк», «Азия Кредит банк», «АТФ банк») несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, пошта теміржол және әуе билеттері, көлік сақтандыру, шалғайда орналасқан елді мекендерге БЖЗҚ (зейнетақы қоры) қызметін көрсету, ыңғайлы тарифпен жалақы бойынша келісім-шарт жасақтау, халықаралық ақша аударымдары (Юнистрим, Western Union және жедел ақша аударымы), есепшот ашу (жеке тұлғаларға, жәрдемақы, зейнетақыға) жұмыстарын қоса атқаруда.

Тұтынушылардың кезекті басылымдары уақытында жету үшін өткен жылдың қазан айынан бастап пилоттық жоба күшіне енді. Яғни бұрын хат-хабар мен газет-журналды хат тасушылар жеткізсе, жаңа жоба бойынша осы жұмысты шабармандар (курьерлер) атқаруда. Олардың табыс көзі атқарған жұмыстарына байланысты. Осындай қызметтердің нәтижесінде жұмыс сапасы 2018 жылы 82 пайызды құраса, қазір 97 пайызға жетті.

Асқар БИСЕНОВ, «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз