Жарнама
Медицина

Жылыойлық дәрігерлер алғаш рет науқасқа лапароскопиялық ота жасады

Атырау облысында Жылыой аудандық ауруханасының дәрігерлері алғаш рет науқасқа лапароскопиялық ота жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің хабарлауынша, 1987 жылы туған азаматқа аудандық аурухананың дәрігерлері «аппендицит» диагнозын қойып, жедел түрде ота жасады. Ота хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігерлердің қатысуымен өтті.

–Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші бір-екі күн ішінде аяққа тұрып кете алады, — дейді Қ.Абдалиев.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, бұл операция еліміздің медицинасында бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқанымен, жергілікті аудандық ауруханалардың тәжіриесіне енді ғана енгізілуде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button