Жарнама
Медицина

Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бұл туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин мәлімдеді, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Аудан аумағында күнделікті уақытша эвакуациялау пункттерінен және
су беру көздерінен сынамалар тексерілуде. Соның  ішінде осы күнге дейін тамақ өнімдерінен  барлығы 133 сынама алынды.

— Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынып, оның ішінде 4 сәйкессіздік судың түстілігінен анықталды. Сондай-ақ, суды микроблиологиялық зерттеу үшін 122 сынама алынды. Бұдан сәйкессіздіктер анықталмады.
Аудан көлемінде жиналған тасқын судан 9 сынама алынып, нәтижесі – Энтеровирус, ВГА, Ротавирус — теріс. Қалған 7 сынама — жұмыс барысында.
Алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын табады, — деді Талғат Хабибуллин.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button