Медицина

«Жұлдыз-3» шағынауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін, 8 тамыз Атырау қаласындағы «Жұлдыз-3» шағынауданында жаңа медициналық амбулаториялық бөлімше ашылды.

Геолог емханасына қарасты 130 тұрғынға арналған медициналық нысан құрылысын “Жалынды Құрылыс” ЖШС жүргізген. Бір жыл ішінде бой көтерген медициналық мекемеде 18 кабинет, оның ішінде күндізгі емхана, стоматология және физиотерапиялық емдеу бөлмелері орналасқан.

Дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатында мекемеге 3 «HAVAL M6» медициналық мақсаттағы көліктің кілті де табысталды.

Мәлике МӘЛІК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button