Жарнама
Медицина

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ІЗДЕСЕҢ, ЖЫЛЫОЙҒА КЕЛ!

 

Сейсенбі күні «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тим Миллер, өндіріс істері жөніндегі бас менеджер Тед Эдчиссон, Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Рзабек Артығалиев ауданға іс сапары үстінде ақ халатты абзал жандарға һәм тұрғындарға күтпеген жерден қуаныш ала келді. Перзентхананың зәулім ғимараты алдында су жаңа үш бірдей жедел жәрдем көлігі және бір микроавтобус сап түзеп тұр.

Екі жақты лауазымды басшылардың, дәрігерлердің, қала тұрғындарының қатысуымен өткен мерейлі басқосуды орталық аурухананың бас дәрігері Қуаныш Өтегенов ашып, жүргізді де аудан әкімі Мақсым Ізбасов, ТШО компаниясының бас директоры Тим Миллер,Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев кезегімен сөйлеп, ақ халатты абзал жандарға қуанышты лебіздері мен құтты болсындарын риза көңілдерімен жеткізді. Ортақ пейілдердің мәйегі: бірінші байлық – денсаулық. Жылыойда жедел жәрдем көліктерінің қарасы бірте-бірте молайып келеді. Өткен жылы заманауи «Реанимобиль» (реанимационный автомобиль) көлігі игілігін көруге жазғаны әлі есте. Енді,міне, шалғай елді мекендер тұрғындары жедел жәрдем көліктерінің қалтқысыз қызметін көруге мүмкіндік алып отыр.

— «Ұлық болсаң – кішік бол» деген. Аудан әкімдігі мен ТШО басшылығының өзара түсі-ністік, достық рәуіштегі іс-қимылы мен бірлескен шешімдерінің нәтижесінде біз де микроавтобусқа ие болып жатырмыз. Енді қала шетіндегі тубдиспансерге жаяу сапар шегетін мехнаттан біржола арылатын кез келді, — деді өкпе туберкулезі емдеу мекемесінің бас дәрігері Ғалия Қалиева қуанышын, шынайы ризашылық сезімін жасыра алмай. Бұдан кейін жедел жәрдем көліктерін жүргізушілерге жиналғандар алдында кілт тапсыру рәсімі болды. Көліктер дабыл қаға қозғалысқа көшті. Дәрігерлер қазақы дәстүрмен шашу шашуды да ұмытқан жоқ.

ҚаржауОРАЗБАЕВ,

 меншіктітілшіміз,

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button