Жарнама
Медицина

ЖАСТАР ИГІЛІГІ ҮШІН!

Жасөспірімдердің медициналық мәселелері біржақты шешілмейді, сондықтан оларға кешенді медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болғанымен, үнемі сол көмекті алу кезінде жұмысын атқарып тұрған денсаулық сақтау мекемелерінде кедергілерге тап болады. Отандық, ресейлік және батыстық медицина тәжірибесі, жасөспірімдердің денсаулығын қорғаудағы көзқарасты өзгертуге, соған сәйкес жасөспірімдердің қазіргі мінез-құлық қауіптілігі мен денсаулық мәселелерін шешуге қабілетті арнайы қызметті (ЖДО-жастар денсаулық орталығын) құруға; жасөспірімдермен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындауға қажеттілігін көрсетті. Жасөспірімдер мен жастарды медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына баулу, ақпараттық материалдарды, оқу-әдістемелерді дайындау, жұмыстың басқа емдеу- сауықтыру мекемелермен сабақтастығын қамтамасыз ету, жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, сектораралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету — орталықтың міндеті.
Соңғы онжылдықта әлемде, сондай-ақ, елімізде жас адамдардың сексуалдық мінез-құлқының күрт өзгеруі кешенді мәселелер туғызуда:
-орынсыз жүктілік;
-ЖИТС-ті қосқанда, ЖЖЖИ жыныстық жолмен жұқтырылған инфекция;
-сексуалдық зорлық;
-психологиялық бұзылулар.
Жасөспірімдердің биологиялық, психологиялық және әлеуметтік жетілмеулері, жыныстық өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары мен әдістері жайлы хабарсыз болуы сияқты жайттар бала туу мен түсік тастаулардың өсуіне алып келеді.
Жасөспірім қыздар арасындағы бала туу мен түсік тастау тұрақты біркелкі деңгейде сақталуда, сегіз жылдың ішіндегі төмендеу 1,7 % және 2% — ға сәйкес келеді. Жасөспірімдер арасындағы жүктілікке қайталап ұрыну саны бірнеше есе төмендегенімен (- 28,9% — ға), оның өзі де дабыл қақтыруда. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық жолмен жұқтырылған инфекциямен ауыратындардың жоғарылығы сақталуда. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша жыл сайын 7 мыңнан 9 мыңға дейін мерезді алғашқы анықтау жағдайлары тіркелген, соңғы төрт жылда 30,8%-ға төмендеген. Мерез аурушаңдығы құрылымындағы жасырын және кеш пайда болатын белгілерінің өсуі нейромерезге алып келеді. Соншалықты үрейлі ахуал тек қана жастардың ұрпақты болу саулығына ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың денсаулығы мен ұлттық генофондығына қауіп төндіреді. ЖДО жұмысының маңызы қыздар үшін де, сондай-ақ жастар үшін де қолжетімді. Дене және ақыл-ой қабілеті шектеулі жастарға орталықта басқалармен тең дәрежеде қызмет көрсетілуі қажет. Жасөспірімдер дәрігерлерге тек қана науқасына байланысты емес, сондай-ақ профилактикалық мақсатта өз еркімен, саналы келіп қаралуын дәлелдеуі тиіс, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын дұрыс қолдану және өз еркімен қызметтерді таңдауға құқылы.

Алуа СЫРАЛИЕВА,
«Жарқын болашақ» жастар денсаулық
орталығының меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button