ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰДАЙЫ БІЗДІҢ НАЗАРЫМЫЗДА
Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы статистикалық мәліметтері көрсеткендей, 15-18 жастағы жасөспірімдер аралығында жүктілік саны айтарлықтай жоғары деңгейде қалып отыр, 2007 жылдың өзінде 10300 жағдайды құраған. Осы кезең аралығында аборт саны 29,3%-ға азайғанымен, оның өзі жоғары деңгейде қалып отыр. Жасөспірім қыздар арасындағы бала туу мен түсік тастау біркелкі сақталуда, сегіз жылдың ішіндегі төмендеу 1,7% және 2%-ға сәйкес келеді. Жасөспірімдер арасындағы жүктілікке қайталанып ұрыну саны бірнеше есе төмендегенімен — 28,9%-ға, бірақ та оның өзі дабыл қақтыруда. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық жолмен жұқтырылатын инфекциямен ауыратындардың жоғарылығы сақталуда. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша жыл сайын жеті мыңнан тоғыз мыңға дейін мерезді алғашқы анықтау жағдайлары тіркелген, соңғы төрт жылда 30,8 %-ға төмендеген. Мерез аурушаңдығы құрылымындағы жасырын және кеш пайда болатын белгілерінің өсуі нейромерезге алып келеді.
Соншалықты үрейлі ахуал тек қана жастардың ұрпақты болу саулығына ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың денсаулығы мен ұлттың генофондына қауіп төндіреді. Жасөспірімдер әсіресе ұрпақты болу денсаулығы саласында қажетті көмекті ала алмайды.
Негізгі факторлар болып мына жайттар табылады:
— Жасөспірімдердің психоәлеуметтік ерекшелігі, әлеуметтік шикілік, өз денсаулығы жағдайы мен анықталған басқа да ауруларды бағалай білмеуі;
— Қоғамдағы (мәдениет стереотиптері) осы мәселелерді қабылдауы мен көзқарас;
— Медициналық көмек көрсететін жүйелермен (дәрігердің қабылдауын ұзақ күтулері, қызметшілерге деген теріс ниеттілік пен немқұрайлылық және т.б.) теріс тәжірибедегі қарым-қатынаста болуы;
— Әлеуметтік кедергілер – қызмет құнының қымбаттылығы, қабылдау сағатының қолайсыздығы, жол-көлік мәселелері, ата-аналарымен қарым-қатынасы, ұрпақты болу денсаулығы саласындағы қызметтерге жүгіну кезінде «таныстарымды кездестіріп қаламын ба?» деген қорқыныш және т.б
Қазіргі таңда елімізде жасөспірімдер мен жастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметінің тиімді дамуы үшін алғышарттар жасалды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған сапалы және игілікті медициналық-әлеуметтік қызметтер жүйесін құру, өскелең ұрпақты қорғауға арналған негізгі стратегиялық құжат ҚР Үкіметінің айқын міндеттері мен басымдықтарын жүзеге асырудағы маңызды қадамы.
Жасөспірімдер мен жастарға емдеу-профилактикалық, консультативтік көмек көрсету
— Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру; жасөспірімдер мен жастарға контрацепцияның қазіргі әдіс-тәсілдерімен, олардың қолданылуы және қолдануға болмайтын жағдайларымен таныстыру; контрацептивті қолдану кезіндегі асқынуларға және айрықша жанама әсерлердің пайда болуы жағдайында емделушілерге жүйелі қадағалау мен кеңестер беру;
— Контрацепция құралдарын есепке алу және тарату;
— Жыныстық жетілу кезеңіндегі (ЖИТС инфекциясы, жыныстық жолмен жұқтырылатын инфекция, күтпеген жүктіліктің алдын алу, қауіпсіз сексуалдық қатынас сұрақтарының) барлық мәселелер бойынша кеңес беру;
— Жас емделуші әйелдерге түсік түсіруден кейін аяқты оңалту кезеңін және қайта күтілмеген жүктілікке душар болудың алдын алу шараларын жүргізу, сондай-ақ асқынулар пайда болған жағдайда (емделуші әйелдердің тілегі бойынша) кеңестер беру;
— Созылмалы КЖОҚА асқынуымен ауыратындарды стационарда емдеу немесе КЖОҚА өткірліктермен емделуші әйелдерге дер кезінде көмек көрсету;
— Жатыр мойын ауруларымен емделушілерді емдеу және диагностикалық тереңдетілген тексеруге жіберу, диспансерлік бақылауды жүзеге асыру;
— Жасөспірім қыздарда сүт безі патологиясына алғашқы диагностикалау және хирург-маммолог мамандарға емделуі мен тексерілуі үшін дер кезінде бағыттау;
— ЖЖЖИ ауыратын жасөспірімдерді белсенді анықтау мен емдеу, мерезбен және созбен ауыратындарды қалалық тері-венерологиялық диспансерге жіберу;
— Жасөспірім балаларда және бозбалаларда тумысынан бар немесе жыныстық жолдармен алынған ауруларды диагностикалау және емдеуге бейімді мекемелерге жіберу;
— Жасөспірімдерге жасөспірім шақтағы жыныстық қатынастар, жалпы психологиялық денсаулық мәселелері бойынша медициналық-психологиялық кеңестер беру; Жасөспірімдердегі мінез-құлық бұзылуларының барлық түрлеріне медициналық-психологиялық түзету; Жасөспірімдерге, жастарға жеке және топтық психологиялық тренингтер өткізу;
— ЖДО өз еркімен немесе басқа емдеу-профилактикалық мекеме мамандарының жіберуі бойынша келген жасөспірімдерді жеке дара қабылдауды ұйымдастыру жолымен емдік-диагностикалық қызметін жүзеге асырады. Жасөспірімдерге барлық емдеу-диагностикалық шаралары ҚР заңнамасына сәйкес қатаң жүргізіледі.
Жастар денсаулық орталығы «Тең-теңімен» қағидаты негізінде жұмысқа волонтерлерді (еріктілерді) тарту негізінде де атқарылады. Волонтерлер өздерінің әлеуметтік өмірлерінен, оқуларынан, жұмыстарынан бос уақыттарында ЖДО-на көмек көрсете алады. Әдетте, волонтерлер өз жұмыс орындарында да (кәсіби қызметтеріне байланысты: психолог, заңгер мамандар кеңес беру секілді) ақысыз қызмет көрсетуі мүмкін. Студенттер еріктілер ретінде тағылымдама кездерінде немесе оқуларынан бос уақыттарында жиі шығып тұрады. Олардың еріктілік қызметтері болашақ мамандықтарымен жиі байланысты болады. Егер олардың қандай да бір мүдделерін қанағаттандыруға қызығушылығы болатын болса, әртүрлі волонтерлер міндетін өз еркімен өз мойнына ала алған ерікті адамдар бола алады. Егер волонтердің ерікті еңбек жағдайы өздерінің мүдделері мен талаптарына сәйкес болмаса, онда өз қызметінен бас тарата алады.
Қызметтің қандай да бір түріне волонтердің қатысуындағы негізгі фактор – бұл ұсынылған жұмыс не ұйымның бейіні волонтердің талаптарына сәйкес болуында. Еріктінің жұмысы туралы қосымша марапаттаулар-алғыс сөз бен жазбаша пікір арқылы көтермелеуге мүмкіндік туғызу, бірақ бұл волонтердің жұмысқа қатынасын анықтайтын негізгі фактор болып табылмайды. Волонтердің еріктілік қызметіне қатынасын оның жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, табыс деңгейіне, білімі мен атқарған қызметіне тәуелсіз атқара алады. Еріктілік еңбегімен жеке немесе қоғамдық талаптарын іске асыра алатын және еріктілік қызметіне арналған бос уақыты бар кез келген адам ерікті бола алады.
Алуа СЫРАЛИЕВА,
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанындағы
«Жарқын болашақ»
жастар денсаулық
орталығының меңгерушісі.